Құқықтану

Заңгер -кеңесші

Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық 2010 жылы 24- маусымда ашылып, Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген АБ №0030033 сериалы мерзімсіз лицензияның негізінде қабылдау жүріп жатыр.

Мамандықтың атауы: 04210100- «Құқықтану»; квалификация: 4S04210101-«Заңгер»; оқу формасы: күндізгі және сырттай.

         04210100-«Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасының формасы:

      —  күндізгі;

            04210100- «Құқықтану» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын қабылдау мерзімі

Күндізгі оқу бөлімі:

         Негізгі орта білім беру базасы – 2 жыл 10 ай;

         Жалпы орта білім беру базасы -1 жыл 10 ай.

Мамандық бойынша күндізгі  оқу түрі бойынша білім алған түлектердің квалификациясы  — «Заңгер-кеңесші».

04210100- «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуды бітірген түлектер мынадай кәсіби қызметтерде жұмыс атқара алады:

         Ұйымдастырушылық-басқарушылық

         Консультациялық

         Әлеуметтік-психологиялық

         Әлеуметтік қызмет және көмек

Оқу орнын бітірген соң 04210100«Құқықтану» мамандығы бойынша бойынша білім алған түлектер жоғары оқу орындарында өз мамандықтарын қысқартылған мерзімде жалғастыра алады.

Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

         Ғылыми қызметті жүзеге асыру мақсатында оқытушылар оқушылардың ғылыми жұмыстарын бақылауға алған. Колледж оқушылары әр түрлі деңгейдегі халықаралық,облыстық конференцияларға, семинарларға қатысады.

         Кәсіптік тәжірибе өту үшін мынадай тәжірибе базаларымен шартқа отырылды:

·        ЖШС «Консультант»,

·        Ақтөбе әскери тергеу басқармасы.

·        Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы,

·         Ақтөбе облыстық соты,

·        Ақтөбе облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтары.

         Тәжірибе өту жоспарына байланысты тәжірибенің 2 түрі бар: оқу-танымдық, оқу-тәжірибелік, оқу өндірістік тәжірибе.

         Теориялық оқу практикасы – мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және іс жүргізу, еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру. Оқу-тәжірибелік практикасында оқушылар өздерінің алған теориялық білімдерін шындай түседі. Оқу-өндірістік тәжірибеде теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде жүзеге асыруды және оны қолдануды үйренеді. Сонымен қатар, өндірістік тәжірибеде құжаттармен және нормативтік актілермен жұмыс жасауды үйренеді. Тәжірибенің қорытындысы ретінде олар өздерінің тәжірибеде алған және үйренген білімдерін есеп ретінде тапсырады және қорғайды.

 

         Көпсалалы «Болашақ» колледжінің осы жылдарда ұшырған 700-ге жуық түлектері облысымыздың әр түрлі салаларында қызмет атқаруда, сонымен қатар жоғары оқу орнында оқуларын жалғастыруда.Төмендегі мекемелерден біздің түлектерді көруге болады:: ЖШС «Аксо-Жарнама», Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, ЖШС «Консул», ЖШС «Саулет-Құрылыс. Сервис-2007», ЖШС «ДМК 777»,   ЖШС «ЕСТК Групп»,Халыққа қызмет көрсету орталықтары,Ішкі істер органдары

04210100- Құқықтану

 4S04210101 – Заңгер

1.      МАМАНДЫҚҚА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын (бұдан әрі –Заң), «білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығын (бұдан әрі-бұйрық) басшылыққа ала отырып – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) бекіткен 2021-2022 оқу жылына  арналған жоспар негізінде мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде Ақтөбе жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде «01-25″ақпан 2022 ж өзін-өзі аттестаттау өткізілді.

     Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық  2013 жылдың 24  маусымында Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген АБ  № 0030033 сериалы мерзімсіз лицензияның негізінде  жүріп жатыр. Мамандықтың атауы: 04210100 – Құқықтану»; біліктілігі: 4S04210101 – Заңгер оқу формасы: күндізгі.,     

        04210100– Құқықтану» мамандығы; 4S04210101 – Заңгер біліктілігі бойынша кәсіби білім бағдарламасын қабылдау мерзімі

Күндізгі оқу бөлімі:

Негізгі орта білім беру базасы – 3 жыл 10 ай;

Жалпы орта білім беру базасы — 2 жыл 10 ай.