01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»;
4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
1.МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң), «білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығын (бұдан әрі-бұйрық) басшылыққа ала отырып – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) бекіткен 2021-2022 оқу жылына арналған жоспар негізінде мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде Ақтөбе жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде «01-25″ақпан 2022 ж өзін-өзі аттестаттау өткізілді.
Ақтөбе жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде 01140100 — «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»мамандығының 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша
ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім классификаторына сәйкес. Күндізгі оқу түрінде біліктілік деңгейі бойынша білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:
— негізгі орта білім базасында — 3 жыл 10 ай;
— жалпы орта білім базасында — 2 жыл 10 ай.
Қазастан Республикасыны Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығына сәйкес 01140100 — «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»; 4S01140101 — «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша (2017-2020 оқу жылдарына) жасалған.
4. КӘСIПТІК ТӘЖIРИБЕ
Білім алушылардың кәсіптік тәжірибесі оқу жұмыс жоспары және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылған.
1.Ақтөбе қаласындағы №5 орта мектеп
2. Ақтөбе қаласындағы №15 орта мектеп
3 .Ақтөбе қаласындағы №4 орта мектеп
4. Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектеп
5. Ақтөбе қаласындағы №52 орта мектеп
6. Ақтөбе қаласындағы №35 орта мектеп
7.Ақтөбе қаласындағы №37 орта мектеп