
Омарова Гүлназ Орынтаевна
Директордың тәрбие - ісі жұмысы жөніндегі орынбасары
Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан, еліміздің гүлденуіне үлес қосатын саналы азамат, білгір де білікті маман ретінде тәрбиелеуде техникалық және кәсіптік білім беру ошақтарының алатын орны айырықша.Сондай колледждердің бірі — жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі.
2010 жылы 6-мамырда біздің білім ордамыз шәкіртттерге өз есігін айқара ашты. Содан бері сан мыңдаған шәкірт білім алып, қоғам өміріне араласты.
2024-2025 оқу жылында тәрбие үрдісі 8 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1. Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу.
2. Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу
3.Ұлттық мұраға ұқыпты қарау
4.Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту
5. Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу.
6. Қоғам игілігі үшін қызмет ету.
7. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу.
8. Ұлттық мәдениетті дәріптеу.
Колледждің тәрбие мәселесі: колледждің жоғары білікті құзырлы маман дайындауда тиімді тәрбие беру ортасын қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы,жасампаз азаматтарды тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
3. Жақсылыққа, игілікке бой түзетуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.