Асанова Зоя Мақсатқызы – Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің арнайы пән оқытушысы. Білімі -жоғары. Еңбек өкілі – 17 жыл, соның ішінде педагогикалық өкілі — 4 жыл. Колледжде 2, 3, 4 курс студенттеріне «Экономика негіздері», «Бухгалтерлік есеп және есеп беру», «Аудит» пен «Қаржылық есеп» және т.б. арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізеді. Оқу жылында түрлі семинарларға қатысып, кәсіби біліктілікті арттыру куәліктеріне және марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды.
Бұл топта 10 студент білім алып, 2019 жылы оқуларын тәмәмдады. Соның ішінде 3 студент үздік диплом иесі атанды. Қазіргі таңда осы топтың бес студенті Алматы экономика және статистика Академиясында және бір студент Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы университетте «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білімдерін жалғастыруда. Ал топ түлегі Сайлаубаев Айдын – өз бизнесін ашып, жеке кәсіпкерлікпен айналысуды.Осы мамандық бойынша біздің колледжде ең алғаш бітірген түлектер 2014 жылы болатын, міне, сол жылдан бері біздің колледжімізде жылда осы мамандық түлектер бітіріп шығады. Көп студенттер оқуларын жоғары оқу орындарында жалғастырып, жұмысқа орналасып, алған білімдерінің жемісін көруде. Осы нарықтық заманындағы біздің негізгі мақсатымыз бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау.
0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)»
Біліктілік: 0518033 «Экономист-бухгалтер»
1. МАМАНДЫҚҚА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң), «білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығын (бұдан әрі-бұйрық) басшылыққа ала отырып – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) бекіткен 2021-2022 оқу жылына арналған жоспар негізінде мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде Ақтөбе жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде «01-25″ақпан 2022 ж өзін-өзі аттестаттау өткізілді.
Ақтөбе Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде 04110100 «Есеп және аудит » 4S04110102-Бухгалтер мамандығы бойынша ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім классификаторына сәйкес. Күндізгі оқу түрінде біліктілік деңгейі бойынша білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:
— негізгі орта білім базасында — 2 жыл 10 ай;
— жалпы орта білім базасында — 1 жыл 10 ай.
Қазастан Республикасыны Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығына сәйкес 04110100 «Есеп және аудит » 4S04110102-Бухгалтер мамандығы бойынша жасалған.
2021-2022 оқу жылынан бастап колледждің білім беру бағдарламалары екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: модульдік бағдарлама және стандартты оқыту
бағдарламасы 2,3,4 курстар бойынша.
3. КӘСIПТІК ТӘЖIРИБЕ
Кәсіптік тәжірибе оқу үрдісінің құрамды бөлігі болып табылады. Кәсіптік тәжірибенің ұйымдастырылуы мен жүргізілуі Қазақстан Республикасының: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген МЖМБС талаптарына және кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына және кәсіпорындарды (ұйымдарды) практика базасы ретінде айқындау қағидаларына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жүзеге асыру және одан өту.
04110100 «Есеп және аудит » 4S04110102-Бухгалтер мамандығы бойынша әдістемелік нұсқаулығына сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта кәсіптік білім беру стандарты негізінде іске асырылады.
Кәсіптік тәжірибенің мерзімі, түрлері, мазмұны мемлекеттік стандарттарға, кәсіптік тәжірибеден өтудің типтік және жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленген мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылған.
Әр тәжірибенің өз мақсаты, негізгі міндеттері бар. Циклдік әдістемелік бірлестік отырысында кәсіптік тәжірибе графигінің жұмыс жоспары қарастырылған.
Өндірісте өтілетін тәжірибелерінің барлық түрлері бойынша ұйымдастыру ұмыстары өткізілген тәжірибе базасын анықтау, базалық мекемелер мен кәсіпорындармен келісімшарттар жасалған. мекемелердің басшыларымен жетекшілері арасында түсіндірме жұмыс жүргізілген Тәжірибеден өтушілерге нұсқаулық жиналыстар өткізілген. Білім алушылардың кәсіптік тәжірибесі оқу жұмыс жоспары және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылған.
1. КГИ АП МСХ РК «РМЦ ФД и П»
2. ЖШС «Автопарк» бухгалтерия
3.РМК «Финосанитория» бухгалтерия
4. МФО Болашак
Тәжірибе қорытындылары колледждің арнайы пәндер оқытушылары құрамынан сайланған комиссия мүшелерінің қатысуымен тәжірибені қорғау конференциялары өткізілген.