Жоғары көпсалалы Болашақ колледжінде 01140500 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, біліктілігі 4S01140501 «Дене тәрбиесі мұғалімі». 2014-2015 оқу жылы ашылды. Сол кезеңнен бастап колледж сырттай оқу бөлімі бойынша 150, күндізгі оқу бөлімі бойынша 30 арнайы орта білімді дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандарын дайындап шығарды. «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша мамандар дайындау үшін материялдық техникалақ жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға қажетті құрал саймандар алуға қаржы бөлініп шаңғылар, конькилер, футбол, волейбол, баскетбол доптары, әртүрлі гимнастикалық құрал жабдықтар, санаткерлік ойындарға арналған шахмат, тоғызқұмалақ тақталары, үстел тенистері алынып және білікті мамандармен қамтамасыз етілді.
Дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша оқыған студентердің ішінде еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері Мажитов Мұратбек, қазақ күресінен облыстық жарыстардың жеңімпазы, жекпе жектен бірнеше дүркін облыстық жарыс жүлдегері Серікұлы Ернұр, футболдан қыздар арасында ҚР құрама командасы мүшесі Қожахметова Құндыз секілді спортшылар оқып білім алды. Қәзіргі таңда гір спортынан бірнеше дүркін облыстық жарыс жеңімпазы Аткелтір Бағлан, волейболдан бірнеше дүркін облыстық жарыс жеңімпазы Кәрімбай Жарасқан, еркін күрестен жастар арасында облыстық жарыс жүлдегері Сабанбай Алисұлтан, қол күресінен қыздар арасында облыстық жарыс жүлдегерлері Айсаутова Назгүл, Бату Нұрзада, үстел тенисінен облыстық жарыс жүлдегерлері Орынбаева Айдана және Алмағанбетова Айнұр секілді спортшылар өз білімдерін осы оқу орнында жалғастыруда. Колледждің волейболдан, баскетболдан және футболдан құрама командасы арнайы кестеге сәйкес жаттығып облыстағы арнайы білім беру мекемелері арасындағы барлық жарыстарға үзбей қатысып жүр.
0103000 «Дене шынықтыру және спорт (салалар бойынша)»
Біліктілік: 0103023 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі»
1.МАМАНДЫҚҚА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң), «білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығын (бұдан әрі-бұйрық) басшылыққа ала отырып – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) бекіткен 2021-2022 оқу жылына арналған жоспар негізінде мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде Ақтөбе жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде «01-25″ақпан 2022 ж өзін-өзі аттестаттау өткізілді. 0103000 -«Дене шынықтыру және спорт»; 0103023 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық 2013 жылдың 24 маусымында Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген АБ №
0030033 сериалы мерзімсіз лицензияның негізінде жүріп жатыр. Мамандықтың атауы: 0103000-«Дене шынықтыру және спорт»; біліктілігі: 0103023- «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі».Оқу формасы: күндізгі. 0103000- «Дене шынықтыру және спорт (салалар бойынша)» мамандығы, 0103023- «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша кәсіби білім бағдарламасын қабылдады.
Негізгі орта білім беру базасы – 3 жыл 10 ай;
Жалпы орта білім беру базасы — 2 жыл 10 ай.
Оқу орнын бітірген соң 0103000-«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алған түлектер жоғары оқу орындарында өз мамандықтарын қысқартылған мерзімде жалғастыра алады.
Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. 0103000 — «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша басқарушылық документтер, оқу жоспарлары, оқу-жұмыс жоспарлары, мамандықтар бойынша сағат саны, жұмыс бағдарламалары және т.б. дайындалды. Пәндер бойынша сағат санының көлемі нормативтік талаптарға сәйкес жоспарланған. Кәсіби практикалық пәндердің қатарына мамандықтың спецификасын және қажетті білім, білік
және дағдыны білдіретін пәндер қосылды.
5. КӘСIПТІК ТӘЖIРИБЕ
Білім алушылардың кәсіптік тәжірибесі оқу жұмыс жоспары және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылған.
1. №13 орта мектеп
2. №5 орта мектеп
3. № 35 орта мектеп
4. №52 орта мектеп
5. №60 орта мектеп
6. № 72 орта мектеп