Аударма ісі — бұл ерекше мамандық
Аударма ісі-бұл ерекше мамандық, ол білім алушылардан аударма және тілдерді білу саласында кәсіби білімдерін ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жеке қасиеттерін талап етеді.
Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық 2010 жылы 24 — маусымда Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген АБ № 0030033 сериалы мерзімсіз лицензияның негізінде жүріп жатыр.
Мамандық атауы: 02310100 «Аударма ісі», квалификация: 4S02310101- «Аудармашы», оқу формасы: күндізгі. 02130100— «Аударма ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын қабылдау мерзімі.
Аударма ісі — бұл ерекше мамандық
Аударма ісі-бұл ерекше мамандық, ол білім алушылардан аударма және тілдерді білу саласында кәсіби білімдерін ғана емес, сонымен қатар белгілі бір жеке қасиеттерін талап етеді.
Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық 2010 жылы 24 — маусымда Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген АБ № 0030033 сериалы мерзімсіз лицензияның негізінде жүріп жатыр.
Мамандық атауы: 02310100 «Аударма ісі», квалификация: 4S02310101- «Аудармашы», оқу формасы: күндізгі.
02310100- «Аударма ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын қабылдау мерзімі.
Күндізгі оқу бөлімі:
— Негізгі орта білім беру базасы-2 жыл 10ай;
— Жалпы орта білім беру базасы-1 жыл 10 ай;
02310100 «Аударма ісі» мамандығы бойынша күндізгі оқу түрі бойынша білім алған түлектердің квалификация 4S02310101 «Аудармашы» мамандығы бойынша оқуды бітірген түлектер мынадай кәсіби қызметтерде жұмыс атқара алады:
– аударма (әртүрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттарды жазбаша аудару, келіссөздерді, халықаралық кездесулерді, конференцияларды ауызша аудару);
– ұйымдастыру (әр түрлі іс – шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдар құру);
-отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде өндірістік-басқару (басшылық және/кәсіби міндеттерді орындау (аударманың әртүрлі түрлері) );
– ақпараттық-аналитикалық (әлеуметтік-саяси талдауды жүзеге асыру, іскерлік хат – хабарларды, есептерді, шолуларды, жағдайдың болжамдарын жасау, аудармаларды редакциялау);
-ғылыми-зерттеу (тәжірибелік материалдарды жинау және өңдеу, аударматану және мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша баяндамалар мен мақалалар дайындау).
Кәсіби қызметінің нысандары:
Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны болып мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, әр түрлі ақпараттық-талдау орталықтары, елшілік өкілдіктер,туризм агенттігі, баспалар, аударма бюросы және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар табылады.
Аударма ісі саласындағы түлектер оқыған тілдерді жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар құқықтану, экономика, мұнай-газ саласында, саясаттану және банк ісінде арнайы білімі бар басқа мамандықтарда да жеткілікті білім алады.
Оқу орнын бітірген соң 02310100 «»Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алған түлектер жоғары оқу орындарында өз мамандықтарын қысқартылған мерзімде жалғастыра алады.
Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің түлектері колледжден кейін ЖОО-на түсіп, оқуларын жалғастыруда. Колледждің түлектері облыстың барлық салаларында ,әсіресе шетелдік компанияларда сұранысқа ие.
Аударма- халықпен халықты, тілмен тілді, әдебиетпен әдебиетті қауыштырушы дәнекер.
02310100 -Аударма ісі (түрлері бойынша) |
4S02310101- Аудармашы
1.МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң), «білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығын (бұдан әрі-бұйрық) басшылыққа ала отырып – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) бекіткен 2021-2022 оқу жылына арналған жоспар негізінде мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде Ақтөбе жоғары
көпсалалы «Болашақ» колледжінде «01-25″ақпан 2022 ж өзін-өзі аттестаттау өткізілді. Ақтөбе жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде 02310100 – «Аудармашы» мамандығы, 4S02310101- «Аудармашы» біліктілігі, күндізгі оқу түрінде біліктілік деңгейі бойынша білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:
—негізгі орта білім базасында — 2жыл 10 ай;
—жалпы орта білім базасында -1жыл 10 ай.
Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады 02310100 – «Аудармашы» мамандығы, 4S02310101- «Аудармашы» біліктілігі бойынша басқарушылық документтер, оқу жоспарлары, оқу-жұмыс жоспарлары, мамандықтар бойынша сағат саны, жұмыс бағдарламалары және т.б. дайындалды. Мамандарды даярлау бойынша оқу жоспары ҚР МЖМБС 4.05 -2008 мемлекеттік стандартының негізінде жасалды.
4. КӘСIПТІК ТӘЖIРИБЕ
Білім алушылардың кәсіптік тәжірибесі оқу жұмыс жоспары және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы келісім шарт негізінде жүзеге асырылған.
1. Ақтөбе қаласындағы №37 орта мектеп
2. Ақтөбе қаласындағы №35 орта мектеп
3 .Ақтөбе қаласындағы №53 орта мектеп
4. Ақтөбе қаласындағы №5 орта мектеп
5. Ақтөбе қаласындағы №57 орта мектеп
6. Ақтөбе қаласындағы №39 орта мектеп