Тлеубаева Жанна Елесовна — Әлеуметтік-медициналық ПӘК төрайымы.
Кафедра келесі негізгі біліктіліктер бойынша кәсіби даярлық сабақтарын өткізуді қамтамасыз етеді:
- 4S09130103 – «Жалпы практикадағы мейіргер»
- 4S09120101 – «Фельдшер»
- 4S09160101 – «Фармацевт»
Медициналық пәндер кафедрасы колледждегі барлық оқу түрлері бойынша оқу үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Кафедраның негізгі мақсаты – заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті медициналық мамандарды даярлау.
Кафедрада теориялық және тәжірибелік сабақтарды тиімді өткізу үшін белсенді және интерактивті оқыту әдістері кеңінен қолданылады. Оқу үдерісіне клиникалық жағдайлар үлгілері, симуляциялық технологиялар, фантомдар, муляждар, сондай-ақ цифрлық ресурстар енгізілген. Студенттердің тәжірибелік дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік беретін симуляциялық кабинет, оқу зертханалары және мультимедиялық жабдықталған аудиториялар жұмыс істейді.
Педагогтердің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіру мақсатында кафедра оқытушылары жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, республикалық және халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарларға, конференцияларға қатысады. Кафедра жанында әдістемелік кеңес жұмыс істейді, онда оқытушылар инновациялық оқыту технологияларымен тәжірибе алмасады.
Кафедра қызметкерлері пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар, презентациялар, тесттік тапсырмалар, оқу құралдарын әзірлейді. Оқу үдерісінде клиникалық базалармен өзара байланыс нығайтылып, студенттердің практика барысында кәсіби дағдыларын жетілдіруге ерекше назар аударылады.
Кафедра оқытушылары мен студенттері соңғы жылдары ғылыми, кәсіби және шығармашылық бағыттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда:
- Балқаш қаласында өткен офлайн ғылыми конференцияға қатысып, 22 ғылыми мақала жинақта жарияланды;
- Республикалық “Бопай ханым” конференциясында – I орын иеленді;
- Республикалық паллиативтік көмек конференциясында – Гран-при, марапаттау рәсімі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің конференц-холында өтті;
- Оқытушылар академиялық сағаттары бар халықаралық және республикалық неформалды білім беру конференцияларына белсенді қатысты;
- Қызылорда қаласында өткен халықаралық “Заманауи медициналық кадрларды даярлау және кейінгі кәсіби даярлау мәселелері” конференциясына қатысты;
- “Жас ғалым” республикалық ғылыми жиынына кафедра атынан студенттер қатысып, өз жобаларын қорғады, жүлделі орындарға иеленді.
- Студенттеріміз WorldSkills Aqtobe чемпионатына белсене қатысуда– кафедра тәрбиеленушілері өңірлік кәсіби шеберлік жарысына белсенді қатысып, өз мамандықтары бойынша жоғары деңгейдегі практикалық дағдыларын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Бұл жетістіктер кафедраның ғылыми әлеуетінің жоғары екенін, оқытушылар мен студенттердің кәсіби дамуға деген қызығушылығын және білім беру сапасын арттырудағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Кафедра базасында симуляциялық орталықтың жұмысы жолға қойылып, “Клиникалық ойлау, Жедел көмек көрсету, Инъекциялық техника” бағыттары бойынша ішкі тренингтер өткізілуде.
Студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында облыстық ауруханалармен, емханалармен және жеке клиникалармен тиімді серіктестік орнатылған.
Кафедра оқытушылары студенттердің кәсіби-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, жауапкершілік пен медициналық этиканы сақтауды қалыптастыруға, денсаулық сақтау жүйесіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді. Медициналық тарих, ұлттық құндылықтар, салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар, кездесулер мен тренингтер тұрақты өткізіледі.
