Бастауыш білім берудегі шетел тілі пәні мұғалімі

Жоғары оқу орындарында маман даярлау үдерісінде шетел тілінің пəн ретінде қажеттілігі күннен күнге артып отыр. Ол қоғамның əлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне жалпы мəдени алға басуында қозғаушы фактор болып табылады. Мұның өзі шетел тілін мектептерде пəн ретінде оқытудың дəрежесін жоғарылатады. Қоғамдық құрылыстың барлық құрылымдары дамушы жүйе ретінде қарастырылғандықтан, олардың құраушыларының өзара байланысы, өзгерісі басқа элементтерге ықпалын тигізеді. Қоғамдық прогреске сəйкес білім беру мазмұны өзгерістер мен толықтыруларға ұшырайды.

   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сəйкес жалпы орта білім беретін мекемелердің басты міндеттері тек жоғары дəрежелі, сапалы білім беру ғана емес, сондай-ақ ұлттық жəне əлемдік мəдениетке сай тəрбиеленген, еркін əрі қажырлы іс-əрекет ететін, жан-жақты ойлай алатын тұлға қалыптастыру болып табылады.

   Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде бұл мамандық 2010 жылы  24 маусымдағы Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген АБ № 0030033 сериалы мерзімсіз лицензияның негізінде жүріп жатыр.  Мамандықтың атауы: 01140100     —      «Бастауыш білім беру»; квалификация  4S01140102 «Шет тілінің бастауыш білім беру мұғалімі»

 Жыл сайын арнайы пәндер кафедрасы апталығы шеңберінде тәрбиелік сипаты бар іс –шаралар, интеллектуалды ойындар, семинарлар өткізіледі. Тілдер мерекесіне орайластырылған апталықта «Шет тілінің бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығының студенттерін қатысуымен өткізілді. 

   Шет тілінің бастауыш білім беру мұғалімі мамандығының студенттері кәсіптік дайындықты ғана емес, қоғамдық қызметпен де белсенді айналысуда. Факультет жастарының комитеті әртүрлі олимпиадаларды, «Жайдарман» – көңілді тапқыштар алаңы, мерекелер, қызықты тұлғалармен кездесулер өткізіп тұрады. Пікірсайыс, дебат, интеллектуалдық – пікірталастық клубтар жұмыс жасайды. Екі лингафон кабинеті арнайы шет тілі сабақтарын практикалық түрде өткізу және дыбыстық мәтіндерді оқу, жаттығу және қайталау үшін жабдықталған. 

Оқу орнын бітірген соң 01140100 — «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алған түлектер жоғары оқу орындарында өз мамандықтарын қысқартылған мерзімде жалғастыра алады. 

01140100  «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»

4S01140102– «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

1.МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

               Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын (бұдан әрі –Заң), «білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығын (бұдан әрі-бұйрық) басшылыққа ала отырып – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) бекіткен 2021-2022 оқу жылына арналған жоспар негізінде мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде Ақтөбе жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде «01-25″ақпан 2022 ж өзін-өзі аттестаттау өткізілді.

     Ақтөбе жоғары көпсалалы «Болашақ»
колледжінде
01140100 — «Бастауыш
білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының   4S01140102– Шетел тілінен бастауыш білім
беру мұғалімі

біліктілігі бойынша ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім классификаторына сәйкес. Күндізгі оқу түрінде біліктілік деңгейі бойынша білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:

негізгі орта білім базасында — 3 жыл 10 ай;

жалпы орта білім базасында — 2 жыл 10 ай.

Қазастан Республикасыны Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығына сәйкес 01140100 — «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 4S01140102– Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігі бойынша (2017-2020 оқу жылдарына) жасалған.

2021-2022 оқу жылынан бастап колледждің білім беру бағдарламалары екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: модульдік бағдарлама және стандартты оқыту бағдарламасы 2,3,4 курстар бойынша.

4. КӘСIПТІК ТӘЖIРИБЕ

Білім алушылардың кәсіптік тәжірибесі оқу жұмыс жоспары және  ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылған.

1.Ақтөбе қаласындағы    №5 орта мектеп

2. Ақтөбе қаласындағы  №15 орта мектеп

3 .Ақтөбе қаласындағы  №4 орта мектеп 

4. Ақтөбе қаласындағы  №13 орта мектеп               

5. Ақтөбе қаласындағы  №52 орта мектеп               

6. Ақтөбе қаласындағы  №35 орта мектеп

7.Ақтөбе қаласындағы  №37 орта мектеп