Чаханова Света Сангалиевна — Жалпы білім беру пәндері бөлімінің меңгерушісі.
Бөлімдегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқу пәндерінің оқыту сапасын қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады. Жана оқу жылына, семестрдің, емтихан сессиясының басталуына дайындық бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Оқу –материалдардық базалардың дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен мүлік амалдардың сақталуын, санитарлық –гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Білім туралы , Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін, социология, физиология, гигиена негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәндерді ескере отырып,оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі және айқындайды. Оқытудың анағұрлым тиімді формаларын, әдістерін және құралдарын ,жаңа педагогтік құралдарды қолданады. Білім алушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуларын қамтамасыз етеді.Оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындайды.