Мамандығы: 02150500 «Актерлік өнер»
4S02150501 «Драма театрінің әртісі»
МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Біліктілік сипаттамасы. 02150500 «Актерлік өнер» мамандығының коды ен аталуы Қазақстан Республикасы Индрустия және сауда министрлігінің Метролоия және техникалық реттеу комитетінің 2008 жылғы 3 маусымдағы №273 бұйрығымен бекітілен. ҚР МЖ 05-2008 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуіші сәйкес анықталған.
ҚР МЖ 05-2008 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуіші бойынша біліктіліктер
Біліктілік: 4S02150501 «Драма театрінің әртісі»мамандығы бойынша кәсіптік білім бағдарламасын меңгеру нысаны- күндізгі
Күндізгі оқу бөліміндегі біліктілік деңгейі бойынша білім беру оқыту бағдарламасын меңгерудің нормотивтік мерзімі.
Жалпы білім беру базасында қабылдау
- — негізгі орта білім базасында.
- — жалпы орта білім базасында.
02150500 – «Актерлік өнер» мамандығы драма театры, теледидар және кино саласы үшін кәсіби әртістерді даярлауға бағытталған. Оқытудың барысында студенттер актерлік шеберліктің теориялық және практикалық негіздерін меңгереді, сахналық қозғалыс, сахналық сөйлеу, режиссура элементтері, бейнелік ойлау, шығармашылық импровизация дағдыларын дамытады.
Тәжірибе
Өткен оқу жылына тәжірибе өту үшін мынадай тәжірибе базалары Ақтөбе облысының мектептерінде өткізілді. Тәжірибе өту жоспарына байланысты тәжірибенің 2 түрі бар: оқу-танымдық, өндірістік.
Оқу тәжірибесі Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай ұйымдастырылады және келесі түрлерден тұрады:
— Оқу практикасы;
— Педагогикалық практика;
— Өндірістік практика.
Оқу танымдық тәжірибеде әрбір білім алушы өзінің теорияда алған білімін тәжірибемен ұштастыра отырып шыңдайды, тереңдетеді және бекітеді. Тәжірибеден өту білім алушыға жеке сенімділік, білімге деген құштарлықты қалыптастырады, ал өндірістік тәжірибеде білім алушы теориялық білімін нақты қызмет барысында пайдалануды үйренеді. Өндірістік тәжірибенің білім алушыға тигізетін пайдасы өте зор, тәжірибенің соңында білім алушы өз есебін қорғаумен аяқталады.