Фармация

Мамандығы: 09160100 – «Фармация»

Біліктілігі: 4S09160101 – «Фармацевт»

МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Жалпы мақсат:

Қоғамның дәрілік қамтамасыз етілуін жақсартуға, дәрілік заттардың сапасын арттыруға және қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған жоғары білікті орта буын фармацевт мамандарын даярлау.

«Фармация» мамандығы – дәрілік заттарды дайындау, сақтау, сапасын бақылау және халыққа сапалы фармацевтикалық қызмет көрсету саласында орта буын мамандарын даярлауға бағытталған.

Фармацевт – дәрілік заттардың құрамын, олардың әсерін, өзара үйлесімділігін және қолдану ерекшеліктерін білетін, дәріханалық ұйымдар мен денсаулық сақтау мекемелерінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын маман.
Бұл мамандық иесі дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз дәрілерді босатады, дәрілік нысандарды (ұнтақтар, ерітінділер, майлар, суспензиялар және т.б.) дайындайды, дәрілердің сапасы мен жарамдылығын бақылайды, дәрілік өсімдік шикізатымен жұмыс істей алады.

Кәсіби қызметінің саласы:

— Денсаулық сақтау жүйесі
— Фармацевтикалық ұйымдар (дәріханалар, қоймалар, өндірістік цехтар)
— Дәрілік заттардың сапасын бақылау зертханалары
— Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау және қайта өңдеу кәсіпорындары
— Ғылыми-зерттеу ұйымдары


Кәсіби қызметінің түрлері:

Фармацевтикалық қызмет:
— Рецепт бойынша және рецептісіз дәрілерді босату
— Дәрілік түрлерді дайындау және сапасын бағалау
— Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау, кептіру және сақтау
— Дәрілік заттардың дұрыс сақталуын және есебін жүргізу
— Фармакологиялық және токсикологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау

Өндірістік қызмет:
— Дәрілік заттардың өндірістік технологиясын орындау
— Шикізаттың сапасын талдау және технологиялық процестерді бақылау
Сауда-экономикалық қызмет:
— Тауар айналымын ұйымдастыру

— Баға белгілеу және экономикалық есеп жүргізу
— Фармацевтикалық менеджмент және маркетинг негіздері
Ақпараттық және консультациялық қызмет:
— Халыққа және медицина қызметкерлеріне дәрілік заттар туралы кеңес беру

— Дәрілік заттарды дұрыс және қауіпсіз қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Маман иесіне қойылатын талаптар:

— Жоғары жауапкершілік пен ұқыптылық
— Логикалық және аналитикалық ойлау
— Коммуникабельдік және этикалық мінез-құлық
— Қауіпсіздік техникасы мен санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау
Оқу барысында меңгерілетін негізгі пәндер:

— Жалпы және бейорганикалық химия
— Органикалық және аналитикалық химия
— Фармакогнозия
— Фармацевтикалық технология
— Фармакология және фармакотерапия
— Фармацевтикалық химия
— Микробиология және гигиена
— Токсикология негіздері
— Фармацевтикалық менеджмент және маркетинг

Біліктілік алғаннан кейін жұмыс істеу мүмкіндігі:

— Дәріхана және дәріхана пункті
— Фармацевтикалық қойма
— Медициналық және фармацевтикалық зертханалар
— Дәрілік заттарды өндіретін кәсіпорындар
— Дәрілік өсімдік шикізатын өңдеу кәсіпорындары
— Ғылыми-зерттеу және оқу ұйымдары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *