
Муратова Мира Оразбаевна — арнайы пәндер ПӘК төрайымы.
Кафедра келесі негізгі біліктіліктер бойынша кәсіби даярлық сабақтарын өткізуді қамтамасыз етеді:
4S01140101 – Бастауыш білім беру мұғалімі
4S01120102 – Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
- 4S01140701 Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі
- 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
- 4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
- 4S01140501 Дене тәрбиесі мұғалімі
- 4S04210101 Заңгер
- 4S04110102 Бухгалтер
- 4S04120103 Банк операциялары жөніндегі менеджер
- 4S02310101 Аудармашы
- 4S10150104 Туризм менеджері
- 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы
4S06130105 – Ақпараттық жүйелер технигі
- 4S03220101 Кітапханашы
- 4S02150501 Драма театрының әртісі
4S05220202 – Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі техник
Кафедрада барлық оқу түрлерінде сабақ берудің сапасын үздіксіз жетілдіру жүзеге асырылады. Бұл мақсатта белсенді және интерактивті оқыту әдістерін дамыту, компьютерлік және ақпараттық технологияларды, техникалық кешендерді, зертханаларды пайдалану жолға қойылған. Сондай-ақ кафедрада әдістемелік кабинет, ақпараттық-іздестіру жүйелерін қолдануға мүмкіндік беретін компьютерлік сынып бар. Сыныптан тыс оқу жұмыстары (жеке және топтық кеңес беру) ұйымдастырылып, жүйелі түрде жүргізіледі.
Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында кафедра оқытушылары біліктілікті арттырудың базалық курстарынан уақытылы өтеді, сондай-ақ түрлі әдістемелік семинарлар мен оқыту курстарына қатысады.
Соңғы жылдары кафедра қызметкерлері негізгі пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірледі.
Кафедра қызметкерлері оқу топтарымен тәлімгерлік (кураторлық) жұмыс жүргізеді, студенттердің жоғары жеке, әлеуметтік-маңызды және кәсіби-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуға, мемлекеттік-құқықтық дүниетанымды нығайтуға, патриоттық сезім мен Қазақстан Республикасының тарихына, дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырып, өткізеді.