Кәсіптік тәжірибе

Алмышова Жанаргүл Еркінбайқызы  — Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.

Кәсіптік тәжірибе — бұл теориялық білімді жүйелеуге, бекітуге және кеңейтуге көмектеседі, дербес зерттеу жұмыстың дағдыларына үйренуге мүмкіншілік береді.

Кәсіптік тәжірибе барысында студенттер өздері тәжірибені өтіп жатқан мемлекеттік органдардың, мектептер мен балабақшалардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызмет тәжірибесімен танысады, сол ұйымдардың басшыларының бекіткен, тәжірибе жетекшілерінің келісімі немесе тапсырмалары бойынша ұйымның басқару және өндірістік қызметтеріне араласады.

Тәжірибені жақсы өту мақсатында студент алдын-ала осы бағдарламамен танысу, ұсынылған әдебиетті оқу және оқу орнындағы тәжірибе жетекшісінен қажетті кеңес алуы керек. Осы бағдарламаның негізінде тәжірибе орнында тәжірибені өту үшін жеке күнтізбелік жоспар жасалуы қажет.

Кәсіптік тәжірибе бойынша тәжірибе өту базаларын жаңарту және олармен келісім шартқа отыру жұмыстары бойынша жұмыстар атқарылуда. Биылғы оқу жылында тәжірибе базаларының тарапынан талап ету деңгейі мен практикантка әдістемелік көмек беру деңгейі жоғарылаған, сондай-ақ колледж ішінен тағайындалған тәжірибе жетекшілерінің де тарапынан бақылау мен қадағалауды бірінші орынға қойып отырмыз. Себебі тәжірибе оқу процесінің ажырамас бөлігі, теориялық білімді шыңдаудың бірден – бір жолы болып табылады. 

Биылғы оқу жылында барлық мамандықтар бойынша тәжірибе базаларымен келісім шартқа отырдық. Келісім шартқа отырған базалардың барлығы оқушыларымызды тәжірибе өтуге қабылдауда. Әсіресе «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім» мамандықтары бойынша әлеуметтік серіктестеріміз жеткілікті көлемде. Биылғы жылы 50-ден астам мекемелер мен ұйымдармен келісім шартқа отырдық.

Әлеуметтік серістестер арасында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры , «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Petro Retail» ЖШС , ««Абылай» сервис орталығы, «Болашақ»мектеп-балабақшасы, ЖШС Кепіл Сапа-Батыс , «Наргиз» балабақшасы, Академия знаний,  «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, “БИОС” медицина  орталығы, «Absolute Technology» (Абсолют Технолоджи) ЖШС, ШЖҚ Отбасылық медицинасы, ЖШС «Айгерим» денсаулық орталығы, «Ырғыз аудандық ауруханасы», «OXFORT» оқу орталығы, Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі»ММ, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ , «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ,    С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы сынды ірі мекемелер мен кәсіпорындар, сонымен қатар қаламыз бен аудандардағы мектепке дейінгі ұйымдар мен қаламыздағы № 42, №5, 71, №15, №77, №35, №37, №18, №13,№31   т.б. жалпы білім беретін орта мектептер бар.

Біздің түлектер қазіргі уақытта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, С.Байшев атындағы Ақтөбе университетінде оқуларын жалғастыруда. Көптеген түлектеріміз мектептер мен бала бақшаларда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мекемелер мен кәсіпорындарда, ауруханаларда жұмыс жасауда.

2022-2023 оқу жылында бітірген түлектеріміздің 85% пайызы жұмысқа орналасты.