Әдістемелік жұмыс

Кубашева Галия Жусиповна — директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары.

 

 Колледждің миссиясы:

 «Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуді жетілдіре отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу»

Колледждің әдістемелік тақырыбы:

«Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру және дамыту»

Әдістемелік жұмыстың мақсаты:

 Кәсіби –білікті және бәсекелестікке қабілетті мамандарды замануи педагогикалық және ақпараттық технологияларды біріктіру арқылы дайындау.

                                              Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

-Колледжде Мемлекеттік жалпы білім беру стандарт  талаптарына сәйкес жасалатын    білім беру бағдарламаларын    әдістемелік қамтамасыз ету;

-ҚР  Оқу-ағарту Министрлігінің   нормативтік, бағдарламалық-әдістемелік  құжаттарын зерделеу;

-Оқытушылардың жаңа жұмыс жағдайындағы шығармашылық  мүмкіндіктерін ашу, маман даярлаудағы озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату;

-Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру, оқытушы-студент- жұмыс беруші үшжақты байланысты жетілдіру; 

-Негізгі  кәсіптік білім беру бағдарламаларының   мазмұнын   колледж түлектерінің кәсіби әрекетіне  бағыттау;

-Педагогикалық кадрлардың  үздіксіз біліктілігін арттыру жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету, білім мазмұнын жаңарту аясындағы жаңа бағдарламаны меңгеру курстарынан өту;

— Оқу үдерісіне жаңа және қолданыстағы заманауи ақпараттық және педагогикалық технологияларды, бақылау — бағалау құралдарын, үздік оқытушылардың тәжірибелерін  зерделеу, қорытындылау және енгізу; 

-Баспасөз беттеріне, әдістемелік сайттарға оқытушылардың мақалаларын жариялауға бағыт- бағдар беру, оқу – әдістемелік жұмыстарын насихаттауды арттыру;

Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:

-Колледждің әдістемелік қызметіне қатысу, облыстық, аймақтық және республикалық біліктілігін арттыру институттарында өз білімін жетілдіру арқылы біліктілігін арттыру;

-Оқу-әдістемелік кеңес;

-Жаңа білім беру технологияларын зерттеу және енгізу;

-Әдістемелік семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар;

-Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау;

-Педагогикалық шеберлік байқауларға, пәндік олимпиадаларға қатысу;

-Жас педагог мектебінінің жұмысы;

-Педқызметкерлердің инновациялық жұмыс тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату;