Чаханова Света Сангалиевна — бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы.
Ана тілім, дана тілім — Тәңірім
Сақтай білген сан ғасырлар жарығын
Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген
Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет» деген жолдауындағы сөздерін барша қазақстандық құптайды. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз — бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңының 4 – бабында, Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс – қағаздарын жүргізу тілі.
Б. Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата — бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін. М. Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” — деген. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарап, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруымыз керек.
01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен
әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілік: 4S01140601- «Қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі»
1.МАМАНДЫҚҚА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң), «білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығын (бұдан әрі-бұйрық) басшылыққа ала отырып – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) бекіткен 2021-2022 оқу жылына арналған жоспар негізінде мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде Ақтөбе жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде «01-25″ақпан 2022 ж өзін-өзі аттестаттау өткізілді.
Ақтөбе Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінде 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» амандығының 4S01140601«Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім классификаторына сәйкес. Күндізгі оқу түрінде біліктілік деңгейі бойынша білім беру бағдарламасын игерудің нормативтік мерзімі:
— негізгі орта білім базасында — 3 жыл 10 ай;
— жалпы орта білім базасында — 2 жыл 10 ай.
Қазастан Республикасыны Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығына сәйкес 01140600 «Негізгі орта
білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 4S01140601«Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша жасалған.
2021-2022 оқу жылынан бастап колледждің білім беру бағдарламалары екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: модульдік бағдарлама және стандартты оқыту бағдарламасы 2,3,4 курстар бойынша.
1. КӘСIПТІК ТӘЖIРИБЕ
. Білім алушылардың кәсіптік тәжірибесі оқу жұмыс жоспары және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы келісімшарт негізінде жүзеге
асырылған.Олар жалпы білім беретін орта мектептер:
1. № 35 ЖББОМ
2. № 5 ЖЖБОМ
3. № 15 ЖЖБОМ
4. № 18 ЖЖБОМ
5. № 42 ЖЖБОМ
6. № 37 ЖЖБОМ
7. № 13 ЖЖБОМ және облыстың ЖББО мектептері.
Тәжірибе қорытындылары колледждің арнайы пәндер оқытушылары құрамынан сайланған комиссия мүшелерінің қатысуымен тәжірибені қорғау конференциялары өткізілген.