Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің кадр саясаты
Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің кадрлық саясаты мен персоналмен жұмыс істеу негіздеріне колледж басшылығы маңызды мән беруде.
Колледждің кадрлық саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚР заңдарының, соның ішінде еңбек заңнамасы мен биыл қабылданған «Педагог мәртебесі» заңының нормаларын мүлтіксіз сақтау қағидалары негізінде құрылады.
Кадрлық саясаттың басты мақсаты — жоғары кәсіби деңгейі бар кадрлық құрамды қалыптастыру, дамыту және басқару жүйесін құру.
Жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің кадрлық саясаты төмендегідей қағидаларды басшылыққа алып жүзеге асырылуда:
- колледж қызметкерлерінің еңбек және кәсіби әлеуетін дамыту және жүзеге асыру мүмкіндіктерінің теңдігі;
- кадрлық саясаттың колледж қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталуы;
- жоғары кәсіптік деңгейдегі кадрларды бағалаудағы обьективтілік;
- колледж кадрларының сабақтастығы мен жаңартылуы;
- колледж қызметкерлерінің кәсіби мүмкіндіктерін толық ашып көрсетуге жағдай жасалуы;
- ерекше көзге түскен қызметкерлердің марапаттарға, көтермелеулерге ұсынылуы және кәсіби өсуі үшін ынталандырылуы.
Біздің колледжімізде болашақ мамандарға 31 оқытушы студенттерге тәрбие мен білім беріп, аянбай еңбек етуде. «Арнайы пәндер кафедрасы» мен «Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы» жұмыс жасайды. 2019-2020 оқу жылы медициналық мамандықтар ашылуына байланысты «Медицина және әлеуметтік пәндер кафедрасы» ашылып, өз жұмысын бастауда. Кафедра оқытушылары жоғары санатты оқытушылардан және магистрлерден тұрады. Болашақ ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, студенттердің білім алудағы біліктілігін сараптайтын ұлағатты ұстаздар еңбек етуде.
Биыл колледжіміздің ашылғанына 10 жыл толады және біз бұл жетістігімізбен мақтанамыз!